Жиі қойылатын сұрақтар
Жүктеу, орнату, лицензия және қазақ әріптері туралы.
Қаріпті Windows жүйесіне қалай орнатамын?
Қаріпті жүктеп алып, .zip мұрағатының ішіндегі қаріп файлын (.otf не .ttf) ашыңыз. Шыққан терезеде «Орнату» батырмасын басыңыз. Жүйеңіз ескі болып, ондай функциясы болмаса, C:\Windows\Fonts бумасына қаріп файлын көшіріңіз.
Қаріпті macOS жүйесіне қалай орнатамын?
Мұрағатты ашып, қаріп файлын екі рет басыңыз. «Font Book» бағдарламасы ашылады — «Install Font» батырмасын басыңыз. Немесе файлды ~/Library/Fonts бумасына көшіріңіз.
Қаріпті Linux жүйесіне қалай орнатамын?
Қаріп файлдарын (.ttf не .otf) ~/.local/share/fonts бумасына көшіріп, fc-cache -f командасын орындаңыз. Кейбір файл менеджерлерде fonts:// бумасына көшіру жеткілікті.
Лицензия туралы не білуім керек?
Лицензияға байланысты қаріптің өз шектеуі болады.
Жеке мақсатқа арналған қаріпті пұл таппайтын мақсатта ғана қолдануға болады: өзіңізге арналған шағын кітап, жеке сайт не блог графикасы, дос-туысқа шақыру қағазы, қайырымдылық ұйымдары, өзіңізге арналған киім дизайны.
Коммерциялық мақсатқа арналған қаріпті пұл табу мақсатында қолдануға болады: сатылатын кітап, тапсырыспен жасалған графика, ақылы іс-шараның шақыруы, сататын киім дизайны және т.б.
Қаріп коммерциялық мақсатқа арналса да, оны сатуға құқыңыз жоқ — авторлық құқы иесіне тиесілі. Лицензия түрлері
Қаріпті орнатқан соң неге көрінбей тұр?
Қаріп қолданатын бағдарламада орнатқан қарпіңіз жоқ болса, бағдарламаны өшіріп қайта қосыңыз. Онда да жоқ болса, компьютерді қайта қосыңыз.
Неге интернетте бар қазақша қаріптің көбін сайттан таба алмадым?
Интернетте неше түрлі ақылы қаріптің қазақша нұсқалары тарап жүр. Оларды жариялауға құқымыз жоқ. Ақылы қаріпті иесінің сайтынан іздеңіз. Лицензия туралы толығырақ
Маған керек қаріпті таба алмай тұрмын.
Ақылы қаріп болып, қазақша әріптері жоқ болса, иесіне жазып, қазақша нұсқасын сұраңыз. Тегін қаріптің қазақша нұсқасын таба алмасаңыз, бізден қазақшалауға тапсырыс бере аласыз.
Жүктеп алған қарпімде қазақша әріптер жоқ.
Қаріпте ӘәІіҢңҒғҮүҰұҚқӨөҺһ әріптері жоқ болса, бізге жазып, қай қаріп екенін айтыңыз. Файлды тексеріп, жаңа нұсқасын жүктейміз не мүлде алып тастаймыз. Өз файлыңызды Қаріп тестері арқылы тексере аласыз.
Таңдаулылар мен жинақтар қайда сақталады?
Таңдаулылар, жүктеу тарихы және жинақтар тек сіздің браузеріңізде (localStorage) сақталады. Серверге ештеңе жіберілмейді, тіркелу қажет емес.
Telegram-ға немесе поштаға жазыңыз: abayemes@gmail.com