Типографиялық сөздік
Қаріп және типография саласындағы негізгі терминдер — мысалдарымен және ағылшынша баламаларымен.
А
- АзатжолТипография
- Жаңа жолдан басталған сөйлемнің, терімнің сол жағына қалдырылған бос орынды атаймыз.eng. Paragraph
- АйқұлақТипография
- Электрондық поштада кездесетін таңба. Әдетте шиыршық сызықпен оралған «а» әрпі арқылы жасалады.eng. at sign @ / et commercial
- АпрошТипография
- Екі әріптің арасындағы арақашықты апрош деп атайды. Франсуз тілінен аударғанда, approche — жақындату.eng. Letterspace
Ә
- ӘліпбиТипография
- Белгілі бір ретпен орналасқан әріптер жинағы.eng. Alphabet
- ӘріпТипография
- Әріп — белгілі бір дыбысты білдіру үшін арналған графикалық таңба.eng. Letter
Б
- БаспаханаТипография
- Баспахана — баспа өнімін басып шығаратын кәсіпорын.eng. Print
- БеттеуТипография
- Мәтінді графикалық кенепке қаріппен теру.eng. Layout Design / Lettering
- БеттеушіТипография
- Беттеу жұмысын істейтін адам. Әдетте беттеушінің басты мақсаты — оқырманға ыңғайлы болатындай мәтінді графикалық кенепке енгізу. Кейбір кезде назар аудару үшін мәтіннің ыңғайлы оқылуын құрбан етуге болады.
- Біркеңді қаріпТипография
- Түгел әріптің еңі бірдей қаріп. Әрине, түгел таңбасын бірдей қылсақ оқуға жарамсыз болып қалады. Сондықтан кейбір әріптің кені кішірек.eng. Monospace Font
К
- КерниңТипография
- Екі әріптің арасындағы қашықты өзгерту. Жағдайына қарай әріптердің арасындағы бос орынды өңдеуге болады. Мысалы: ҒА, АТА, AVA деген әріптердің арасындағы қашықты азайту.eng. Kerning
- Кертілген қаріпТипография
- Таңбалардың шет жағы кертілген қаріп. Бірыңғай мәтінді беттеуге ыңғайлы болады.eng. Serif Font
- Кесек қаріпТипография
- Кесек-кесек төртбұрыш кертілгені бар қаріп.eng. Slab Serif Font
- Кесілген қаріпТипография
- Таңбалардың шет жағы кесілген қаріп.eng. Sans Serif Font
- Көрнекі қаріпТипография
- Сан түрлі, әдетте көрнекі ақпаратта қолдануға арналған қаріп түрі.eng. Display Font
Қ
- ҚаріпТипография
- Әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.eng. Font
- Қаріп отбасыТипография
- Белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.eng. Font family / Typeface
- Қолжазба қаріпТипография
- Адам қолмен жазғандай стилде жасалған қаріп.eng. Handwriting Font
Т
- ТипографияТипография
- Типография — мәтінмен графикалық кенеп аясында жұмыс істеу.eng. Typography
- ТрекиңТипография
- Мәтіндегі түгел әріптер арасындағы қашықты өзгерту.eng. Tracking
Қате таптыңыз ба не жаңа термин ұсынасыз ба? Бізге жазыңыз ·Типография негіздері