Типографический словарь
Основные термины шрифтового дела и типографики — с примерами и английскими эквивалентами.
А
- АзатжолТипографика
- Жаңа жолдан басталған сөйлемнің, терімнің сол жағына қалдырылған бос орынды атаймыз.eng. Paragraph
- АйқұлақТипографика
- Электрондық поштада кездесетін таңба. Әдетте шиыршық сызықпен оралған «а» әрпі арқылы жасалады.eng. at sign @ / et commercial
- АпрошТипографика
- Екі әріптің арасындағы арақашықты апрош деп атайды. Франсуз тілінен аударғанда, approche — жақындату.eng. Letterspace
Ә
- ӘліпбиТипографика
- Белгілі бір ретпен орналасқан әріптер жинағы.eng. Alphabet
- ӘріпТипографика
- Әріп — белгілі бір дыбысты білдіру үшін арналған графикалық таңба.eng. Letter
Б
- БаспаханаТипографика
- Баспахана — баспа өнімін басып шығаратын кәсіпорын.eng. Print
- БеттеуТипографика
- Мәтінді графикалық кенепке қаріппен теру.eng. Layout Design / Lettering
- БеттеушіТипографика
- Беттеу жұмысын істейтін адам. Әдетте беттеушінің басты мақсаты — оқырманға ыңғайлы болатындай мәтінді графикалық кенепке енгізу. Кейбір кезде назар аудару үшін мәтіннің ыңғайлы оқылуын құрбан етуге болады.
- Біркеңді қаріпТипографика
- Түгел әріптің еңі бірдей қаріп. Әрине, түгел таңбасын бірдей қылсақ оқуға жарамсыз болып қалады. Сондықтан кейбір әріптің кені кішірек.eng. Monospace Font
К
- КерниңТипографика
- Екі әріптің арасындағы қашықты өзгерту. Жағдайына қарай әріптердің арасындағы бос орынды өңдеуге болады. Мысалы: ҒА, АТА, AVA деген әріптердің арасындағы қашықты азайту.eng. Kerning
- Кертілген қаріпТипографика
- Таңбалардың шет жағы кертілген қаріп. Бірыңғай мәтінді беттеуге ыңғайлы болады.eng. Serif Font
- Кесек қаріпТипографика
- Кесек-кесек төртбұрыш кертілгені бар қаріп.eng. Slab Serif Font
- Кесілген қаріпТипографика
- Таңбалардың шет жағы кесілген қаріп.eng. Sans Serif Font
- Көрнекі қаріпТипографика
- Сан түрлі, әдетте көрнекі ақпаратта қолдануға арналған қаріп түрі.eng. Display Font
Қ
- ҚаріпТипографика
- Әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.eng. Font
- Қаріп отбасыТипографика
- Белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.eng. Font family / Typeface
- Қолжазба қаріпТипографика
- Адам қолмен жазғандай стилде жасалған қаріп.eng. Handwriting Font
Т
- ТипографияТипографика
- Типография — мәтінмен графикалық кенеп аясында жұмыс істеу.eng. Typography
- ТрекиңТипографика
- Мәтіндегі түгел әріптер арасындағы қашықты өзгерту.eng. Tracking
Нашли ошибку или хотите предложить термин? Напишите нам ·Основы типографики