Skip to content

Typography glossary

Key terms of type design and typography — with examples and English equivalents.

А

АзатжолTypography
Жаңа жолдан басталған сөйлемнің, терімнің сол жағына қалдырылған бос орынды атаймыз.eng. Paragraph
АйқұлақTypography
Электрондық поштада кездесетін таңба. Әдетте шиыршық сызықпен оралған «а» әрпі арқылы жасалады.eng. at sign @ / et commercial
АпрошTypography
Екі әріптің арасындағы арақашықты апрош деп атайды. Франсуз тілінен аударғанда, approche — жақындату.eng. Letterspace

Ә

ӘліпбиTypography
Белгілі бір ретпен орналасқан әріптер жинағы.eng. Alphabet
ӘріпTypography
Әріп — белгілі бір дыбысты білдіру үшін арналған графикалық таңба.eng. Letter

Б

БаспаханаTypography
Баспахана — баспа өнімін басып шығаратын кәсіпорын.eng. Print
БеттеуTypography
Мәтінді графикалық кенепке қаріппен теру.eng. Layout Design / Lettering
БеттеушіTypography
Беттеу жұмысын істейтін адам. Әдетте беттеушінің басты мақсаты — оқырманға ыңғайлы болатындай мәтінді графикалық кенепке енгізу. Кейбір кезде назар аудару үшін мәтіннің ыңғайлы оқылуын құрбан етуге болады.
Біркеңді қаріпTypography
Түгел әріптің еңі бірдей қаріп. Әрине, түгел таңбасын бірдей қылсақ оқуға жарамсыз болып қалады. Сондықтан кейбір әріптің кені кішірек.eng. Monospace Font

К

КерниңTypography
Екі әріптің арасындағы қашықты өзгерту. Жағдайына қарай әріптердің арасындағы бос орынды өңдеуге болады. Мысалы: ҒА, АТА, AVA деген әріптердің арасындағы қашықты азайту.eng. Kerning
Кертілген қаріпTypography
Таңбалардың шет жағы кертілген қаріп. Бірыңғай мәтінді беттеуге ыңғайлы болады.eng. Serif Font
Кесек қаріпTypography
Кесек-кесек төртбұрыш кертілгені бар қаріп.eng. Slab Serif Font
Кесілген қаріпTypography
Таңбалардың шет жағы кесілген қаріп.eng. Sans Serif Font
Көрнекі қаріпTypography
Сан түрлі, әдетте көрнекі ақпаратта қолдануға арналған қаріп түрі.eng. Display Font

Қ

Қаріп​Typography
Әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.eng. Font
Қаріп​ отбасыTypography
Белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.eng. Font family / Typeface
Қолжазба қаріпTypography
Адам қолмен жазғандай стилде жасалған қаріп.eng. Handwriting Font

Т

ТипографияTypography
Типография — мәтінмен графикалық кенеп аясында жұмыс істеу.eng. Typography
ТрекиңTypography
Мәтіндегі түгел әріптер арасындағы қашықты өзгерту.eng. Tracking

Found a mistake or want to suggest a term? Write to us ·Typography basics